Жаңалықтар

13 Апреля 2016

Баспасөз хабарламасы

14-15 сәуір 2016 жылы Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған «Әуенмен тербелген мың жыл» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтеді.

Дәстүрлі музыка фестивалі байырғы музыкалық мұраны байыптау, саралау, көпшілік қауымға кеңінен танымал ету, дәстүрлі өнер өкілдерін ынталандыру, құрмет көрсету сияқты шараларды атқаруға арналады.

Фестивальге Қазақстанның барлық аймақтарынан барлық дәстүрлі музыка мектептерінің өкілдері қатысады.

Дәстүрлі музыка фестиваліне Алматыны 1000 жылдық мерекесімен құттықтауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең таңдаулы өнер шеберлері арнайы шақырылды. Фестивалдің гала концертіне кәсіби музыканттармен қатар, ел ішіндегі көненің көзіндей шебер орындаушы ақсақалдар да қатысады. Фестиваль барысында шеберлік дәрістер өтеді. Ғылыми көпшілікке арналған басқосулар болады.

Фестиваль бағдарламасы:

1 күн. 14 сәуір

Сағат 14:00 - Фестивальдің шеберлік сабағы

Өтетін орны: Ықылас атындағы музыкалық халық аспаптар мұражайының конференц-залы

2 күн. 15 сәуір

Сағат 19:00 - Фестивальдің гала концерті

Өтетін орны: М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

другие Жаңалықтар