Жаңалықтар

13 Апреля 2016

Кәукен Кенжетаев – әнші, актер, Қазақ ССР-нің халық артисі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, СССР Кинематографистер Одағының мүшесі, режиссер, драматург, аудармашы

14 сәуір сағат 18-30 М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі, талантты актер Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты кешке шақырамыз.

Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев – әнші, актер, Қазақ ССР-нің халық артисі, Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, СССР Кинематографистер Одағының мүшесі, режиссер, драматург, аудармашы.

Кәукен Кенжетаев – алыптар тобынан қалған әлеуетті тұлға. Арқалы артист, ардақты әнші, Ардагер өнер иесі. Халық әндерінің бағын ашып, көрермен құлағының құрышын қандырған атақты баритон.

Заманымыздың аты аңызға айналған асылдарымен иық түйістіре жүріп, халқымыздың өнер тарихын қалыптастырды. Ол сомдаған Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Қыз Жібек», «Дударай» опералары), Жанбота (М.Төлебаев «Біржан-Сара» ), Князь Игорь (А.Бородин «Князь Игорь») Руслан (М.Глинка «Руслан мен Людмила», Алеко (С.Рахманинов «Алеко»), Эскамильо (Ж.Бизе «Кармен»), Аманасро (Дж.Верди «Аида»), Демон (А.Рубинштейн «Демон») бейнелері көрермендер жүрегіне жол тапты. Сондай-ақ, «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Амангелді», «Алпамыс» операларының қоюшы режиссері ретінде де ерекшеленді.

Кәукен Кенжетайұлы ұлтымыздың кино өнеріне де қолтаңбасын қалдырды. «Біздің сүйікті доктор», «Гаухартас», «Қыз Жібек», «Жерге қайта оралу», «Ән қанатында», «Қызыл тас заставасы», «Тұлпардың ізімен» атты кинофильмдерде актерлік өнердің де ғажап үлгісін көрсете білді.

другие Жаңалықтар