Жаңалықтар

07 Апреля 2016

Осы көктемде, еліміздің барлық кинотеатрларында ондаған ұрпақтың балалық шағының қаһарманы – Маугли – қазақ тілінде сөйлейтін болады

Үндістанның джунглиі туралы көптеген таңғажайып аңыздар бар.

Бірақ Маугли есімді баланың тарихынан ерекше оқиға жоқ...

Багира

Қазақ тіліне дубляж жасалған «Джунгли кітабы» фильмінің ұзақ күткен алдын ала  көрсетілімі 2016 жылдың 6 сәуірінде Астана және Алматы қалаларында өтті. Ондаған ұрпақтың балалық шағының қаһарманы – Маугли – алғаш рет қазақ тілінде сөйлейтін болады. «Книга Джунгли» / «Джунгли кітабы» жаңа эпикалық шытырман оқиғалы кинофильмі қасқырлардың арасында өскен, жабайы тропикалық орман мен ондағы жануарлардан шыңдала түскен адам баласы жайында. Акела, Балу аю және Багира пантера – олардың әрқайсысы Мауглиге өзінше қамқорлық көрсеткен, өзінің сүйікті баласына  джунглидің қатаң заңдарын түсіндірген, аңдардың, құстар мен жыландардың тілін түсінуге үйреткен. 

Дубляж «Aray Media Group» отандық кәсіби дыбыс жазу және дубляж жасау студиясында жасалған, соңғы жинақтау Лондондағы «Shepperton» студиясында жүзеге асырылған.

Дубляждың режиссері Айжан Жамшитова, ол бұрын «Күлшеқыз», «Малефисента» секілді фильмдердің, «Тачки» анимациялық фильмінің және басқа да фильмдердің дубляжына қатысқан.

Дубляж жасау үшін он төрттен астам қазақстандық әртістер тартылған. «Книга Джунгли» / «Джунгли кітабының» басты қаһармандарына Бекболат Құрманғожаев (Багира), Ислам Зейноллаев (Шер-Хан), Айнұр Бермағанбетова (Каа), Ақарыс Өтеулов (Маугли) өз дауыстарын берген.

«Егер Сіздің балаңыз «Джунгли кітабін» алғаш рет көретін болса, попкорн жайында ұмытып кетуі әбден мүмкін.

Бұл өте қызықтыратын шытырман оқиға!»

Режиссері Джон Фавро

Жобаның ұйымдастырушылары: «Marwin» компаниясының қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы.

Жобаның демеушілері: «Bank RBK» АҚ, «Exclusive Stroy» ЖШС.

Алдын ала көрсетілімі Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Алматы қаласында - Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.

Анықтама үшін:

Бірегей дыбыстық қамтамасыз еткен актерлер: Бен Кингсли, Скарлетт Йоханссон, Билл Мюррей, Кристофер Уокен, Лупита Нионго, Идрис Эльба.

Джунглиде жоғалып кеткен және жабайы қасқырлардың арасында тәрбиеленген кішкентай бала Мауглидің бала кезден таныс тарихы үлкен экранға қайтып оралады!

Редьярд Киплингтің әйгілі шытырман оқиғалы шығармасында тұңғыш рет баяндалған және 1967 жылы Disney классикалық анимациялық фильмінде мәңгі тарихта қалған сюжет Disney-дің «Джунгли кітабы» шытырман оқиғалы толық метражды көркем фильмінде жаңа қырынан көрініс табады.

Қауіпті, өте қорқынышты жолбарыс Шерханмен ымырасыз күрес Мауглиді қасқырлар тобын тастап, қызықты саяхатқа аттануға  мәжбүрлейді. Жол бойында Мауглиді керемет жаңалықтар мен Багира пантерамен, Балу аюмен, Каа питонмен және басқа да қалың джунглиді мекендеушілермен есте қалатын кездесулер күтіп тұр.

Disney-дің жаңа «Джунгли кітабы» таңғажайып фильмінде жануарларды фотошынайылықпен суреттеудің ең заманауи технологиялары қолданылады, олар көрермендерді жабайы табиғаттың әлеміне өтуге және батыл Мауглидің таңғажайып оқиғаларының куәгері болуға мүмкіндік береді.

       • Бүкіл әлемнің мыңдаған үміткерлерінің арасынан Мауглидің рөліне он жасар Нил Сетхи таңдап алынды.

       • 1890 жылдардың басында Вермонтте жазушы Редьярд Киплинг қысқа әңгімелермен жұмыс жасап, оларды «Джунгли кітабы» жинағында біріктірген.

другие Жаңалықтар