Жаңалықтар

05 Апреля 2016

АЛМАТЫДА СӘУІР АЙЫНЫҢ БАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЖАЗ МЕРЕКЕСІ ӨТЕДІ

7 сәуірде Алматыда Қазақ мемлекеттік Филармониясында «Халықаралық Джаз Мерекесі, Алматы, Қазақстан 2015» жыл сайынғы музыкалық фестивалі өтеді. Шараның ұйымдастырушылары: Тагир Зарипов, Джаз мектебінің директоры және Қарлығаш Мақатова, фестивальдің музыкалық директоры.

Фестивальдің бірінші күнінде Боян Зед және Жульен Луро француздық дуэті өнер көрсетеді. Джаз мерекесіне алғаш рет екі итальяндық ұжым – Лука Чиарла триосы және Джулиано Перин квартеті өнер көрсетеді. Сонымен қатар фестивальде Джулия Хюльсман триосы  (Германия), RGG (Польша) триосы, Edi Nulz (Австрия) триосы, Хоменков бэнд (Қазақстан), Омер Кляйн (Израиль), Вероника Харча (Венгрия) тобы, Шенова Улькер (Түркия) квартеты өнер көрсетеді.  Мерекені оны иелері - Almaty Jazz  Band ашады.                                       Концерттер сәуір айының 7 мен 10 аралығында Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармонияның және «Қазақконцерт» залдарында өтеді, онда концерттерге билет сатылуда. Фестиваль бағдарламасында оған қатысатын музыканттардың дәстүрлі шеберлік сыныптары да бар.

Осы жылы Фестивальдің өтуіне Алматы қаласы Әкімдігі, сонымен қатар Франция, Германия, Польша, Венгрия, Түркия Бас Консулдықтары, Италия, Австрия және Израильдің Қазақстандағы елшіліктері, «Француз Альянсы» және «Гёте Институты» қолдау көрсетті.

ЮНЕСКО және Франция, Германия мен Австрия Сыртқы істер министрліктері мерекенің серіктестері болды. Бас демеуші - Turkish Airlines. Халықаралық фестивальге қолдау көрсеткендер: Alex Show, Arba Wine, HealthCity, «Қазақстан» қонақ үйі, Devika, Tem Tour, Brooklyn Bar and Grill.

Фестивальдің ақпараттық демеушілері: Қазақстандық Пресс Клуб, Tengri FM және «Классик» радиосы,  «Деловой Казахстан» газеті және «Меломан» компаниясы.

Фестивальдің ұйымдастырушысы Тагир Зарипов айтқандай, «Біздің джаз мектебіміз - Орталық Азия аумағында жастарға арналған жалғыз мектеп болып табылады. Мектепте  6 жас пен 18 жас аралығындағы түлектер оқиды. Біз өткізіп отырған джаз фестивалі қала мен еліміздің мәдени өмірінде маңызды оқиға болып табылады. Бұл біздің жас музыканттарға кәсіби деңгейде өрлеуге мүмкіндік береді. Оған тек қатысушылар мен көрермендер ғана қолдау көрсетпей, сонымен қатар шетелдік қатысушыларға қазақстандық джазмендердің деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Осындай фестивальдер Алматы қаласының 15 жылдан көп уақыт бойы аумақтың ірі мәдени орталығы болып қалуына ықпал етеді».

Естеріңізге сала кетсек, алғаш рет Алматы халықаралық джаз фестивалі 2001 жылдың көктемінде өткен.

Қосымша ақпаратты үшін: Карлыгаш Макатова, жоба менеджері  +7 701 755 2086, kmakatova@yahoo.com, www.jazz.kz

другие Жаңалықтар