Жаңалықтар

26 Августа 2015

Жас ақындарды шақырамыз!

2015 жылдың 17 тамызы мен 17 қыркүйегі аралығында Алматы қаласының әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірлесіп Қала күніне арнайы өткізілетін «Жас қалам» жыр мүшайрасына шығармалар қабылданады. Мүшайраға жасы 35-ке дейінгі ақындар Алматы қаласына арнаған өлең-жырларын жолдай алады. Жыр мүшайрасында шығармалары үздік деп танылған ақындарды марапаттау «Қала күні» мерекесі аясындағы «Ана тілім ардағым» байқауында салтанатты жағдайда өтеді. Бұл жерде жүлдегер ақындар өз шығармаларын оқуға мүмкіндік алады, арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

другие Жаңалықтар