Жаңалықтар

11 Августа 2015

Алматыда ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай шығармашылық кештер өтуде

Кеше, 10 тамыз күні Республика Сарайының алдындағы Абай ескерткішінің жанында алматылықтар Абай Құнанбаевтың 170-жылдық мерейтойын атап өтті. Алаңға оның шығармашылығын пір тұтатын жүздеген адам жиналды. Абай Құнанбаев - әлем мойындаған ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы либералды ислам негізіндегі орыс және еуропа мәдениетінің жақындасуындағы мәдени реформатор.
Мерекелік кеш аясында «Абай» алаңына ақынды еске алу үшін жүздеген қалалықтар келді, олардың арасында Абай ұрпақтары да болды, сондай-ақ қалалық әкімдіктің, Жазушылар одағының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ақындар мен әншілер бас қосты. Абайдың өлеңдері, монологтары оқылды, әндері мен күйлері орындалды. Көрермендер, әсіресе, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділмановтың орындауындағы Абай монологына тәнті болды.
Атап өткен жөн, Абай Құнанбаевтың 170-жылдық мерейтойын тойлау аясында бүгін, 11 тамыз күні, Алмалы ауданының қолдауымен «ARTRONIT» кеңістігінде ақынға арналған шығармашылық кеш өтеді.
Жұрттың көзайымына айналған «Abaicartoons» тақырыптық ашық хаттардың қайырымдылық сатылымын өткізеді, одан түскен қаржы қайырымдылық ұйымдарына жіберіледі.


Өткізілетін орны: «ARTRONIT» кеңістігі, Шевченко көшесі – К.Бәйсейітова көшесінің қиылысы.
Күні: 11 тамыз, 19:30
Ұлы бабамыздың шығармашылық кешіне келіңіздер, оның өлеңдерін, әндерін, Қара сөздерін тыңдап, поэзиямен тыныстаңыздар.

другие Жаңалықтар