Жаңалықтар

16 Августа 2015

Алматы әкімдігі тағы да таланттарды іздейді

Оңтүстік астана туралы «Алматым – жүрегімде» атты жыл сайынғы ән байқауына тапсырыстар қабылдау басталғаны туралы жариялай келе.

7-ші «Алматым – жүрегімде» ән байқауы 5 қыркүйекте Мәдениет және демалыс саябағында орналасқан «Шабыт» жаздық театрының сахнасында өтеді.Тапсырысты барлық ниет білдіргендер бере алады (18-ден 30-ға дейінгілер), бұлар байқаудың ең басты мақсатынан хабардар болуы тиіс: ол – шаһардың заманауи келбетінің белгісі бола алатын қала туралы жаңа әнді өмірге келтіру. Композицияның әуені мен сөзі жүректі баурап, ертемен жұмысқа бара жатқан қалалықтардың аузынан түспейтін тамаша ән болуы тиіс. Әрине, шығарма өзінің мазмұнымен де адамды тәнті қылуы керек. Іс-шара Қала Күні мерекесінің аясында өтетіндігін де атап өткен жөн. Бәйгеге қомақты жүлде – автокөлік тігіліп отыр.
Қатысушылардың шығармашылығын мәдениет қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы бағаламақ. Былтырғы жылы оның құрамында: Бақыт Шадаева, Баян Есентаева, Арман Дүйсенов, Алуа Қонарова, Әлішер Кәрімов болды, ал төрағалықты халық әртісі Нұрлан Абдуллин атқарған еді.
Өткен жылдың жеңімпаздарының арасында: Айқын Төлепберген «Гүлдеген Алматы», Рүстем Нұржігіт «Алматым деп ән салам», «Аяла» әндерімен, және «Stars KZ» тобы «Алма-Ата», Күміс Базарбаева «Almaty» әндерімен көзге түскен. 2014 жылғы гран-при жүлдесін шымкенттік «Арман» дуэті «Алматым» әнімен жеңіп алды. Тұран Рахимберлин бірінші орынға, «Гаухартас» квартеті екінші орынға, Роза Мұкатаева үшінші орынға ие болды.
Тапсырыстарды қабылдау туралы Алматы қаласының Мәдениет басқармасына хабарласыңыздар, тел. 272-22-08 (4 қабат, №446 кабинет), Исабаева Жеміс.


Әлеуметтік желілердегі байқау:

https://vk.com/almatymjuregimde
https://www.facebook.com/groups/AlmatymJuregimde/?fref=ts

 

 doc«Алматым – жүрегімде» атты байқауына тапсырысты жуктеу27 KB

другие Жаңалықтар