Жаңалықтар

30 Марта 2015

Мәдениет басқармасы

Ашық бұрыш – мемлекеттік жүйенің неғұрлым ашық, айқын және достық шырайда болуға жасаған кезекті қадамы.Жобаның мәні шығармашылық ұжымдар мен идеялы адамдардың бастамаларын Мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің мүмкіндіктерімен ұштастыру. Фестиваль өткізетін жер іздеп жүрсіз бе? Қызықты шеберлік-кластарын өткізу идеясы бар ма? Музейлер, театрлар, цирк, хайуанаттар бағы оны жүзеге асырудың ресурстарын табады!

 

Жоба аясында өздерінің ресурстарын ұсынатын алаңдар:

 

  • Алматы хайуанаттар бағы
  • Мемлекеттік қуыршақ театры
  • Мемлекеттік цирк
  • Музыка аспаптары мұражайы

 

Ресурстар сапасы ретінде қарастырылады:

 

  • Белсенділіктер үшін басқармаға қарасты мекемелердің алаңдарын ұсынуы
  • Өздерінде бар жарық-үнді аппаратураларды ұсынуы
  • Кәсіпорын каналдары арқылы анонс ақпараттарды таратуы

 

Байқауға қатысуға өтінімдер 2015 жыл бойы тұжырымдама-тұсаукесер үлгісінде opencorneralmaty@gmail.com электронды мекен-жайында қабылданады.

 

Өтінімге қойылар талаптар:

 

  • Жобаның атауы
  • Мақсаттары мен міндеттері
  • Жобаның мазмұнының және оны жүзеге асырудың механикасының сипаттамасы
  • Аудиторияның сипаттамасы - мақсатты аудитория, болжамды саны
  • Жобаны жарнамалау каналдары
  • Жобаның сапалық және сандық көрсеткіштер арқылы даму перспективасы

другие Жаңалықтар