Жаңалықтар

25 Марта 2014

Арт-индустрия

Арт-индустрия – Орта Азиядағы көркем және дизайнерлік жұмыстардың ең ірі арт-жәрмеңкесі. Қатысушылардың барлық әралуан жұмыстарының ішінен ерекшеленген екі-үш шығармашылық тақырып іріктеліп алынады. 2014 жылы бұл: фото, театр және қуыршақтар.

ҚР Орталық мемлекеттік музейінің үш қабаты төрт күн бойы алуан түрлі шығармашылық бейнеге толы болады. Жанды құбылыстардың барлық бағыттарындағы шығармашылықтың барынша жан-жақты қамтылғандығы соншалық, ол әрбір сәт сайын мың құбылады. «АРТ-ИНДУСТРИЯ» шығармашылық ізденістердің бір мезеттік тарихын ғана бейнелеп қоймайды, ол шығармашылық ортадағы және жұртшылықтың таңдауындағы ағымды түсіндіре және түзе отырып, өзі де мәдени процестің толыққанды қатысушысы болып табылады.

Іс-шараға үш жүзден астам шеберлер, суретшілер, дизайнерлер, шығармашылық тұлғалар қатысады. Тегін шығармашылық шеберлік кластары, оқу форумдары өтеді.

другие Жаңалықтар