«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

Архивтік анықтама архивтік құжаттар негізінде құрастырылған, заңды күші бар және өтініші бойынша құжатты ақпаратымен, архивтік шифрін және сол архивтік құжаттарды сақтау бірлігінің парақтар нөмірін көрсете отырып ұйымның хат бланкісінде дайындалған құжат.

Архив саласында бір ғана «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет:

1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-1 толықтырулары мен өзгерістерімен Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 15 бабы 5 тармағы,

2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабы,

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 138 бұйрығымен бекітілген толықтырулар мен өзгерістермен «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты,

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 08 маусымдағы №2/335 қаулысымен бекітілген толықтырулар мен өзгерістермен «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет регламенті негізінде көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру:

1) Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архиві;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) www.egov.kz «Электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде – көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, уәкілеттілігін растайтын құжат, немесе көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);

Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш. Болған жағдайда сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері өтінішке қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы пошта арқылы жүгінгенде:

жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қойған, өтініш білдіруші туралы мәліметтер (жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тұрғылықты жері, заңды тұлға үшін – оның атауы, заңды мекенжайы) көрсетілген және сұрау салынған мәліметтерді іздестіруге қажетті ақпарат бар еркін нұсқада жазылған өтініш. Болған жағдайда сұрау салынған мәліметтерді растайтын құжаттар немесе олардың көшірмелері өтінішке қоса беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасының қабылдағандығын кіріс құжатты қабылдау күні мен уақыты және нөмірі белгіленген, құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілетін қызметті алушы өтінішінің көшірмесі растайды.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде - көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, уәкілеттілігін растайтын құжат, немесе көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға ұсынған кезде, нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері жеке басын куәландыру үшін құжаттың электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін оның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады);

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі (ЭҮШ) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) немесе бір реттік паролімен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Болған жағдайда сұратылған мәліметтерді растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

 

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге, Мемлекеттiк корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi 11 (он бір) жұмыс күні iшiнде берiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн екi немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты 5 (бес) жылдан асқан кезеңнiң құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын мерзiмге ұзартады, бұл туралы қарау мерзiмi ұзартылған күннен бастап күнтiзбелiк 3 (үш) күн iшiнде өтiнiште көрсетiлген мекенжайға хат жолдау арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушы хабарландырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10127 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен толықтыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларына 60-қосымшаға сәйкес нысандағы архивтік анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап.

 

2018 жылы 9 айда Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивімен - 25 256 архивтік анықтама дайындалды. Соның iшiнде 10 932 (43 %) қағаз түрінде өтiнiш берушiден түстi, баламалы негiзiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы — 10 309 (40,8 %), электрондық үкiметтiң порталы арқылы — 4 105 (16,2%).