Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы «Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архиві» КММ

Мекен-жайы- 050033, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақбулақ ықшамауданы, Шуланов көшесі, 159 үй;

Е-mail: cgaa 2015@yandex.ru; тел.: 3988526, 3988531;

Сайт:www.cgaa.kz

Құрылған жылы: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 2 қазандағы № 1442- р өкімімен және Қазақ КСР Бас архивтік басқармасының 1981 ж. 3-9 желтоқсандағы № 95 бұйрығымен.

Құрылған күні: Халық депутаттарының Алматы қалалық советі атқару комитетінің 1982 жылғы 29 қаңтардағы № 3/51 шешімімен.

Меншік нысаны: Коммуналдық мемлекеттік мекеме

Негізгі қызметі:

- Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивіне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

- Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

- Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;

- Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;

- жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;

- мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті архивтік құжаттарды электрондық нысанға тұрақты негізде аудару.

Мекеменің штаты:

Барлығы -194

Әкімшілік басқару қызметі

Директор – Ботанов Абзал Қабдолбаритұлы

Директордың орынбасары – Сундетов Еркен Нұрлыханұлы

Директордың орынбасары – Исалова Айсулу Мардешқызы

Жұмыс уақыты: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.